Жаратылыстану-математикалық Ә/Б

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

Осенний бал в начальных классах
Автор: Бектурганова Г.Б.

Оқушылардың ғылыми жұмыстары

Оқушылардың

ғылыми жұмыстарының

ұйымдастыру тәжіребиесінен.

  Раздольный ОМ

Ғылыми-әдістемелік кеңесінің  тақырыбы:

«Әрбір пән мұғалімінің педагогикалық шеберліктерін арттыра отырып, технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру» тақырыбында жұмыс жасайды.

Мектептегі ғылыми- әдістемелік қызметтің  мақсатымұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды  оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені  зерттеп, жинақтап, таратуда, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету .

Мектептегі ғылыми әдістемелік жұмыстың басым бағыттары :

§  Білім беру мен тәрбиені ізгілендіру мен гуманитарландыру.

§  Білім сапасын көтеру жолдарын жетілдіру немесе оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру.

Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:

§  Мектептің педагогикалық ұжымы іс-әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру

§  Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық –психологиялық даярлық деңгейін көтеру;

§  Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;

§  Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;

§  Өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;

§  Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан талдау, бағалауда көмек көрсету.

§   Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық жұмыстарға баулу.

Жүргізілетін жұмыстар төмендегідей ғылыми әдістемелік жұмыстар арқылы   ұйымдастырылуда.Олар:

         -Педагогикалық кеңес.

         -Әдістемелік кеңес.

         -«Зерде» атты оқушылардың ғылыми қоғамы.

         -Үйрету  семинарлары.

«Зерде» атты оқушылардың ғылыми қоғамы  мектеп бойынша 2010-2011 құрылған, жетекшісі Бектурганова Г. Б. математика пәнінің мұғалімі, 1 санатты.

 

 «Зерде» оқушылар ғылыми қоғамының құрылымы                                          

• Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау.

• Мұрағат жасау, сақтау, толықтыру.
• Ақпараттық қамтамасыз ету.
• Секциялармен бірігіп әртүрлі іс-шаралар жүргізу.
• Іс-қағаздар жүргізу.
• Аналитикалық анализдер және хаттамалар жасау.

 

Гуманитарлық пәндер секциясы

Оған кіретін секциялар:
  тарих, , әдебиет, қазақ тілі,  .


Жаратылыстану пәндер секциясы

Оған кіретін секциялар:
 математика,  биология,  информатика , экология.

  «Зерде»   оқушылар ғылыми қоғамының ЖАРҒЫСЫ

Ереже
1.1 Оқушылардың ғылыми қоғамы – бұл оқушылардың ғылыми шығармашылығы мен зерттеушілік мәдениеттілігін және шығармашылық қабілетін қалыптастыруға, қазіргі заманға сай бәсекеге қабілетті білім алуға талаптанған оқушы жастардың ерікті, шығармашылық бірлестігі;
1.2 Оқушылардың ғылыми қоғамының өзінің атауы, эмблемасы, девизі, дәстүрі болады;
1.3 Оқушылардың ғылыми қоғамы  өз құрамында үш модульден жеке секциялар ғылыми үйірмелер енгізе алады;
1.4 Оқушылардың ғылыми қоғамының қызметі Қазақстан Республикасы Заңдарына, «Білім беру жөніндегі» заңына сәйкес жүзеге асырылады.

II.Оқушылардың ғылыми қоғамының мақсаты мен міндеттері:
2.1 Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін оқыту, шығармашылық
сипаттағы жеке тұлғаларды тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу;
2.2 Оқу мекемелерінде оқушыларды тәрбиелеуде олардың жан-жақты дамуына, еңбекке шығармашылық тұрғыдан қарауға, өмірлік және азаматтық көзқарастарын қалыптастыруға, жоғары адамгершілік қасиеттер мен рухани мәдениетті дамытуға
белсенді түрде көмектесу;
2.3 Мектеп бітірушілердің нәтижелі түрде мамандық таңдауына және мамандық бағытына көмектесу болып табылады;

III. Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері:
Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі:
3.1 Секция жұмысына, барлық іс-шараларға қатысуға;
3.2 Қоғамның және оның бөлімшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында өз ұсыныстарын енгізуге;
3.3 Оқушылардың ғылыми қоғамы немесе секциясы филиалы жұмыс істейтін лаборатория мен кафедралардың құрал-жабдықтарын пайдалануға;
3.4 Оқушылардың ғылыми қоғамы мүшелерінің үйлестіру комитетінің кеңесіне сайлануға;
3.5 Ғылыми мектеп, оқу-әдістемелік жиын, шығармашылық экспедиция, ғылыми-практикалық конференция, ғылыми жоба жарыстар жұмысына қатысуға;
3.6 Оқушылардың ғылыми қоғамындағы белсенді жұмысы және шығармашылық табыстары үшін мақтау қағазы, құрмет белгісімен, диплом, степендияларымен марапаттау үшін ұсынылуға құқылы;
3.7 Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі:
– ғылыми жетекші басшылығымен таңдап алған тақырып бойынша ғылыми-іздену жұмыстарын жүргізуге;
– сапалы білімге және ғылыми ізденіс дағдыларына ие болу үшін талаптануға, өзінің ғылыми деңгейін көтеруге;
– оқушылардың ғылыми қоғамының мәжілістеріне жүйелі түрде қатысуға;
– қоғам жұмыс істейтін ғылыми мекеменің лаборатория, кабинет, құрал-жабдықтарына ұқыпты қарауға;
– өз жұмысы жөнінде шығармашылық топта, сессияда, конференцияда есеп беруге міндетті.

IV. Оқушылардың ғылыми қоғамының есебі
4.1 Оқушылардың ғылыми қоғамының әрбір мүшесі жұмысының нәтижесі жөнінде есепті баяндама жасайды.
4.2 Секцияның үздік жұмыстары қорытынды конференцияда, ғылыми жоба жарыстарында көрсетіледі.
4.3 Секция жетекшілері жылына істелген жұмыстары жөнінде ә/б бір реттен есеп береді.

 
2010/2011 оқу жылында 2 оқушы ғылыми жұмыспен айналысты, олар:

1.      Эрдэнэбат Арайлым- 9 «А» сынып оқушысы

2.      Нурушева Шынар-10 «Б»  сынып оқушысы

 

А. Т. Ж

 Ғылыми жұмыстың атауы

Секция

Класс

Оқитын тілі

Мектеп

Жетекшінің аты-жөні

Жұмыстың басталуы

 1

 

Эрдэнэбат Арайлым

Қазақ тіліндегі диалект сөздер.

Гуманитарлық

9

қазақ

Раздольный О. М.

Хабал Ардах

2011

2

Нурушева Шынар

Химический анализ почвы села Раздольное

Жаралыстану

10

орыс

Раздольненская СШ

Серикбаева Ж. М.

 

 

2010

               

 

Қазақ халқы  «Бұлақ көрсең көзін аш»-демекші Раздольный орта мектебінің 9 сынып оқушысы Эрднэбат Арайлым 2011-2012 оқу жылы  «Қазақ тілінің диалект сөздері»тақырыбында ғылыми жұмыс жазды.Болашақ ұрпақтың өз тілін сүйіп, құрметтеуі жолында ең алдымен қазақ тілінің мағынасын түсіне білуі шарт.

  Арайлымның ғылыми жұмысының мақсаты:  Көркем шығарма тілі мен Раздольный ауылының тұрғындар тіліндегі ерекшеліктерін зерттеу .

   Осы тақырыпты зерттеуде мектеп бағдарламасындағы көркем шығармаларды оқып онда кездескен диалект сөздерді теріп жазып олардың ерекшеліктерін көрсетті.Себебі көркем шығарманы оқыған сәтте оқушыларға түсініксіз сөздер кездесіп отырады.Сондықтан  ол сөздер қандай аймаққа тән екендігін ашып зерттеуді өзіне міндет етіп алды.Ауылымызда шет елден көшіп келген қазақтар көп болғандықтан олардың тілі мен тұрғын халықтың тілін салыстырып,ерекшеліктерін көрсетті.Зерттеу барысында Монголия еліне барып ,зерттеулер жасап келді. Ғылыми жұмысын қазақ тілінің бай екендігін бірақ әр аймақта сөздердің әр түрлі айтылатындығын ,көшпенді қазақтар мен жергілікті қазақтар тілінде айырмашылықтар болатынын танып білді. 

  Арайлымның ғылыми жұмысы аудандық Жарқын болашақ қазақ тілі олимпиада «Жас ғалымдар» сайысында  II орын иеленіп,II дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл Арайлымның қазақ тілінің дамуына қосып отырған алғашқы жаңалығы. Оқушының мақсаты болашақта тіл маманы болу .Осындай жас жеткіншектерге ғылымның алғашқы баспалдағын  көрсетуім,менің ұрпақ болашағына қосқан тарыдай үлесім деп ойлаймын.

    Ал,алдағы2012-2013 оқу жылында 8-сынып оқушысы Нұрболат Серәлі Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасындағы « Баян мен Мағжанның  туыстығы »,7-сынып оқушысы Насипхан Ерсұлтан «Қазақтың тыйым сөздерінің мәні»

тақырыптарын таңдап алып ғылыми жұмысты бастап жатырмыз. Бұл оқушылардың дарынын шыңдай отырып ғылымның есігін ашуына мүмкіндік беретініне сенемін.Әрбір оқушының жүрегіне ғылымның шам шырағын жаға білсем ол менің ұстаздық еңбегімнің бір нәтижесі деп түсінемін.

Келесі  2012 – 2013  оқу жылына мектеп бойынша

А. Т. Ж

 Ғылыми жұмыстың атауы

Секция

Класс

Оқитын тілі

Мектеп

Жетекшінің аты-жөні

Жұмыстың басталуы

1

Окаш Алтынгуль

"Компьютерлік вирустардың зияны."

Жараталыстану

8

қазақ

Раздольный О. М.

Аубакирова Айнагуль Кирибаевна

2011

2

Эрдэнэбат Арайлым

"Раздольный ауылы тұрғындарының диалект сөздері."

Гуманитарлық

10

қазақ

Раздольный О. М.

Хабал Ардах

2011

3

Насипхан Ерсултан

Қазақтың тыйым сөздерінің мәні»

Гуманитарлық

8

қазақ

Раздольный О. М.

Хабал Ардах

2012

4

Нурушева Аида

"Сандар құпиясы"

Жараталыстану

8

қазақ

Раздольный О. М.

Бектурганова Гульбаршин Бексултановна

2012

5

Ерлан Айбұлан

"Құр бақалар"

Жараталыстану

7

қазақ

Раздольный О. М.

Асылхан Сайра

2012

6

Нұрболат Серәлі

"Мағажан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасындағы Мағжан мен Баянның туыстығы."

Гуманитарлық

9

қазақ

Раздольный О. М.

Хабал Ардах

2012

Ғылыми қоғамның жетекшісі:             Бектурганова Г. Б.


Просмотров: 4797
Дата создания: 06.09.2012
Дата редактирования: 06.09.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource